Тіркелу

LEGO Festival Kazakhstan

Тіркелу

Қатысушы нысанын толтырыңыз

Күнді таңдаңыз

1 орын

Бос уақыт жүктейміз…

Қазақстандағы LEGO іс-шаралары туралы хабарлама алғыңыз келе ме?

Қазақстандағы алғашқы LEGO Festival

Қазақстандағы алғашқы LEGO Festival-ға қосылыңыздар!

МЕГА Алма-атада (атриум, 1-қабат) 3-4 қазан күндері

Сіздерді DUPLO, Classic, CITY және Ninjago құрастыру аймақтары күтеді.

Қатысушылар бірегей мөртаңбалар мен сертификаттарға ие болады.

LEGO Festival туралы

Алматы, қарсы ал: 3-4 қазан күндері MEGA Alma-Ata-да LEGO® Certified Store дүкені ұсынған алғашқы LEGO Festival өтеді

LEGO Certified Store Алматы дүкені барша LEGO® жанкүйерлерін MEGA Alma-Ata-да өтетін, шығармашылыққа, креативке, ойын мен дамуға арналған алғашқы LEGO Festival-ге шақырады!

Алматы, 2026 ж. қазан — LEGO FESTIVAL – LEGO Group компаниясының жаһандық ивенттің бір бөлігі! Фестиваль шығармашылыққа, көңіл көтеруге және қиялды дамытуға арналған. Фестиваль аясында қатысушыларды LEGO-мен еркін ойнауға арналған тақырыптық аймақтар, фотоаймақ және костюм киген LEGO DOS кейіпкері күтеді.

Фестиваль 2026 жылғы 3-4 қазан күндері MEGA Alma-Ata СОО-да, 1-қабаттағы орталық атриумда өтеді. Фестивальдің жұмыс уақыты: 11:00-18:00.

Бұл – шығармашылыққа шабыт беріп, қиялға қанат бітіретін ерекше оқиға!

Фестивальге тек алдын ала онлайн тіркелген қатысушылар ғана кіре алады.

ҚАТЫСУШЫНЫҢ ЖОЛЫ

  1. 1

    LEGO Certified Store Алматы дүкенінен зат сатып алыңыз

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап LEGO Store дүкенінен зат сатып алып, шақырту алыңыз.

  2. 2

    Тіркеліңіз

    Шақыртудағы QR-кодты сканерлеп, онлайн тіркеуден өтіңіз. Фестивальге келгіңіз келетін күнді және уақыт аралығын таңдаңыз. Әр уақыт аралығына арналған орын саны шектеулі. Бір шақырту бойынша ата-ана 3 балаға дейін (қоса алғанда) тіркей алады.

  3. 3

    Фестивальге қатысу

    Ойынның жағымды әрі жайлы өтуі үшін қатысушыларды өздері тіркелген уақыт аралығының басталуына қарай келуге шақырамыз. Мысалы, егер сіз 14:00-15:00 уақыт аралығына тіркелсеңіз, 14:00-де келіңіз – сонда сізді бір сағат қызықты ойын күтеді! Фестивальде әрбір қатысушыға сыйластық танытқандарыңыз үшін баршаңызға рақмет!

LEGO FESTIVAL-да сізді не күтеді?

MEGA Alma-Ata-дағы LEGO® Store дүкені Қазақстанда алғаш рет LEGO-мен еркін шығармашылық фестивалін өткізеді. Фестиваль аясында қатысушыларды:

  • 1,5 жастан бастап 4 жасқа дейінгі балаларға арналған LEGO® DUPLO аймағы;
  • CITY, CREATOR және NINJAGO тақырыптары ұсынылған SISTEM аймағы;
  • LEGO шағын жинақтарын құрастырып, дайын моделін өздерімен бірге алып кетуге мүмкіндік беретін MAKE & TAKE аймағы;
  • Әр аймақта ойнағаны үшін бірегей мөртаңбалар қойылатын Фестивальдің шағын LEGO® төлқұжаты;
  • Фестивальге қатысушы сертификаты;
  • Бірден фото шығарып беретін фотоаймақ;
  • LEGO DOS – LEGO® Store Алматы дүкенінің костюм киген кейіпкері күтеді.

Ата-аналарға арналған МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!!

LEGO FESTIVAL – отбасымен бірге шығармашылықпен айналысып, ойнауға арналған алаң! Біздің ерікті қызметкерлеріміз фестиваль алаңында бағыт-бағдар беріп, ойыншықтарды құрастыруға арналған идеялар ұсынады. Ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұраймыз!

НЕГІЗГІ ФАКТІЛЕР

Оқиға
LEGO Store дүкені ұсынған Қазақстандағы алғашқы LEGO FESTIVAL
Күні
2026 жылғы 3-4 қазан
Жұмыс уақыты
11:00 – 18.00
Өтетін орны
MEGA Alma-Ata СОО, Алматы қ., 1-қабат, Розыбакиев көшесі, 263, орталық атриум
Операторы
Tor Group KZ (LEGO Group компаниясының Қазақстандағы ресми серіктесі)

Tor Group KZ компаниясы туралы

Tor Group KZ – Қазақстандағы LEGO Store желісінің ресми операторы. Компания бөлшек сауда мен әсерлі оқиғаларды үйлестіретін «Retailtainment» тұжырымдамасын «Making People Smile» (Адамдарға қуаныш сыйлау) ұраны арқылы іске асырады. Tor Group компаниясының миссиясы –LEGO брендінің бірегей тәжірибесін Қазақстандағы әр отбасына қолжетімді ету.

LEGO Group жайлы

LEGO Group – 1932 жылы құрылған дат елінің отбасылық компаниясы. 90 жылдан астам уақыт бойы бренд бүкіл әлемдегі балалар мен ересектерді шабыттандырып, ойын арқылы қиялды дамытып, шығармашылыққа жетелеп келеді. LEGO Store ресми дүкендер желісі әлемнің ондаған елінде бар.

Байланыс деректемелері

Маркетинг жөніндегі менеджер, Tor Group KZ

E-mail: alexandrina.v.kz@tor-global.com

Телефон: +7(775)984-85-42

Сайт: lego.certifiedstore.kz